Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және заңды тұлғалар үшін оның техникалық сипаттамалары туралы ақпарат (2 - Нысан)
Қызметті қалай алуға болады
1. Портал арқылы сіз қызметті бірнеше тәсілмен ала аласыз:
ЭЦҚ көмегімен:
-
Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.
-
"Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
-
Сұранымның ашық жолдарын толтыру.
-
Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.
-
Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Бір реттік пароль арқылы:
-
Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.
-
"Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
-
Сұранымның ашық жолдарын толтыру.
-
Өтінімді толтырыңыз және оған бір реттік СМС-пароль арқылы қол қойыңыз (СМС порталдың жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі, міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу болу керек).
-
Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
2. Telegram-бот арқылы
-
Telegram-бот-пен жұмыс істеу үшін өз телефон нөміріңізді мобильді азаматтар базасында тіркеуіңіз қажет.
-
Telegram мессенджерді өз смартфоныңызға орнатыңыз, «Іздеу» алаңында @EgovKzBot ботының атауын теріңіз және «Бастау» командасын басыңыз, бұдан әрі мәзірден «Телефон нөмірін жіберу» дегенді таңдаңыз.
-
Бастағаннан кейін көрсетілген команда-батырмалардың көмегімен бірден көрсетілетін қызметке сұрау салу жіберіңіз. Ол үшін қажетті көрсетілетін қызметті, оның параметрлерін таңдаңыз және сұрау салуды алынған SMS-код арқылы растаңыз.
-
Алынған қызметтің нәтижесін мәртебесі «Дайын» болып өзгергеннен кейін жүктеп алып, қалаған электрондық поштаға жіберуге болады.
SMS-кодты алу мәселелері туындаған жағдайда 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну қажет.
Порталдың жұмыс кестесі
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Жиі қойылатын сұрақтар
Жоқ
- өтініш;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініштің берілген күні;
- өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Көру саны:43082
