Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Қызмет нәтижесі

Адамның қойылған қолының түпнұсқалығын және оның өкілеттігін куәландыратын, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөр және мөртабанның түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртабан – апостиль қойылған құжат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

Мемлекеттік корпорация соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтаманың қағаз нысанда 1 айдың ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге 2 ай ішінде одан әрі сақтау үшін береді.

Көрсетілетін қызметті алушы 1 ай өткеннен кейін жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

Көрсетілетін қызметті алушының арызын және оған қатысты қағаз нысандағы құжаттарды, сондай-ақ оны алу үшін көрсетілетін қызметті алушы 3 ай ішінде келмеген жағдайда қағаз нысандағы соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші жеке номенклатуралық іске тігеді (қалыптастырады).

Көру саны:711

Толық аты

Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Қызмет бағасы

0,5 АЕК

Қызмет көрсету уақыты

5 жұмыс күні – облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада

10 жұмыс күні – басқа бөлімдерде

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Қызмет көрсету орны

  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ