ҚР азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу

Категорияларға қайту

Өтінімді келісу өтінім тіркелген сәттен бастап 1 (бір) сағат ішінде жүзеге асырылады.
Белгіленген мерзімде келісу болмаған жағдайда өтінім автоматты түрде қабылданбайды.

 

14 жасқа дейінгі балалар тұрғылықты жері бойынша тіркеуге жатпайды.

Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларының 3-тармағына сәйкес (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 Қаулысымен бекітілген) тұрғылықты жері бойынша тіркелуге 14 жасқа толған азаматтар жатады.

Қызметті қалай алуға болады

Портал арқылы сіз қызметті бірнеше тәсілмен ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3.  Сұранымның ашық жолдарын толтыру

4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз. Тұрғын үй иесінің ЭЦҚ-мен расталған келісімін алу қажет. (егер өтініш беруші тұрғын үйдің иесі болмаса).Тұрғын үйдің ортақ иелерінен ЭЦҚ-мен расталған келісімін алу қажет (егер өтініш беруші тұрғын үйдің жалғыз иесі болмаса).

5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Бір реттік пароль арқылы:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3.  Сұранымның ашық жолдарын толтыру

4. Өтінімді толтырыңыз және оған бір реттік СМС-пароль арқылы қол қойыңыз (СМС порталдың жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі, міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу болу керек). Тұрғын үй иесінің ЭЦҚ-мен расталған келісімін алу қажет. (егер өтініш беруші тұрғын үйдің иесі болмаса).Тұрғын үйдің ортақ иелерінен ЭЦҚ-мен расталған келісімін алу қажет (егер өтініш беруші тұрғын үйдің жалғыз иесі болмаса). 

5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

* Қызмет Порталда тұрғылықты жері бойынша тіркеу үшін ғана көрсетіледі.

Қызметті онлайн қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз (егер сіз меншік иесі болсаңыз)

Қызметті онлайн қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз (егер сіз меншік иесі болмасаңыз)

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Тұр­ғы­лық­ты тұ­ра­тын же­рі бой­ын­ша тір­кеу ме­кен­жайы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді «Ха­лық­ты құ­жат­тан­ды­ру және тір­кеу» тір­кеу пунк­ті» ақ­па­рат­тық жүй­е­сіне (ХҚТ ТП АЖ) ен­гі­зуі неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден дәлел­ді бас тар­туы ту­ра­лы жа­у­ап.

Қызмет Порталда тұрғылықты жері бойынша тіркеу үшін ғана көрсетіледі.

 

«Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес елорда аумағында тіркелген бір тұрғын үйге тиесілі нормативті қабылдауға қатысты «Астана қаласының аумағында тұрғылықты жері және уақытша болу (тұру) орны бойынша тіркеу нормативін бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 368/48-VIII шешімін қабылдады.
Астана қаласының аумағында тұрақты және уақытша тұру (болу) орны бойынша тіркеу нормативі бір адамға кемінде 15 (он бес) шаршы метр мөлшерінде пайдалы тұрғын алаңы тиесілі болып белгіленді.

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 9 қыркүйектегі № 677 бұйрығының 4-тармағына сәйкес, тұрғынжай меншік иесінің жұбайын (зайыбын), жекжаттарын, жақын туыстарын, олардың жұбайлары (зайыптары) мен балаларын, өзінің қамқорлығындағы немесе қамқоршылығындағы адамдарды, сондай-ақ астанада күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерді тіркейтін жағдайларды қоспағанда, осы тұрғынжайда тіркелген, жоғарыда аталған санаттарға жатпайтын адамдар болмаған жағдайда, астананың аумағында белгіленген нормативтерден асырып тіркеуге жол берілмейді.

 

Жиі қойылатын сұрақтар

  • өтініш;
  • әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.

Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады

Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:

  • жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
  • өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
  • өтініштің мәні;
  • өтініштің берілген күні;
  • өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.

Көру саны:33446

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

Портал, ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рі ар­қы­лы - 15 ми­нут ішін­де

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Цифрлық үкімет» порталы
  • Ақпараттандыру объектілері