Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

  1. Жүйеге кіріңіз/Тіркеліңіз
  2. Тапсырыс беріңіз
  3. Өтінім толтырыңыз
  4. ЭЦҚ немесе SMS арқылы қол қойыңыз
  5. Нәтижені тексеріңіз

Қызмет нәтижесі

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтама және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелері, мәліметтер болмаған кезде-жазбаша жауап не порталдың "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамның ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында.
Дайын құжаттарды басқа жеке тұлғаға беру өзіне қатысты мәліметтер сұратылатын адам берген, нотариалды түрде куәландырылған сенімхат негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация анықтаманың қағаз нысанда 1 айдың ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге 2 ай ішінде одан әрі сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы 1 ай өткеннен кейін жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушының арызын және оған қатысты қағаз нысандағы құжаттарды, сондай-ақ оны алу үшін көрсетілетін қызметті алушы 3 ай ішінде келмеген жағдайда қағаз нысандағы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші жеке номенклатуралық іске тігеді (қалыптастырады).

Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі

Көру саны:6919

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

8 жұмыс күні – портал арқылы немесе облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада орналасқан Мемлекеттік корпорация бөлімдеріне жүгінген кезде

10 жұмыс күні – Мемлекеттік корпорацияның басқа бөлімдеріне жүгінген кезде

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Қызмет көрсету орны

  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
  • «Цифрлық үкімет» порталы