Жұмысынан айырылуы жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау

Категорияларға қайту

Құрметті қызмет алушылар!

Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде жұмыссыз ретінде тіркелген қатысушылар ғана ала алады.

Қызметке тапсырыс бермес бұрын, сіз "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік қызметі арқылы жұмыс іздеуші ретінде тіркелуіңіз керек.

Қызметті қалай алуға болады

Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3.  Сұранымның ашық жолдарын толтыру

4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.

5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.

Порталда, ЭЕБ порталында:

Көрсетілетін қызметті берушінің филиалы басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған порталға, ЭЕБ порталына өтініш берушінің «жеке кабинетіне» жіберілген осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электронды хабарлама

Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы (проактивті қызмет арқылы) көрсету кезінде:

өтініш берушінің ұялы телефонына sms-хабарлама

Жиі қойылатын сұрақтар

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) тексеру кезінде Көрсетілетін қызметті беруші сұратып отырған, жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындауға қажетті құжатты және (немесе) мәліметтерді ұсынбауы;

4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

Көру саны:4592

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Жұмысынан айырылуы жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

Мемлекеттік корпорация, мансап орталығы арқылы - 6 жұмыс күні

Портал, ЭЕБ порталы, екінші деңгейдегі банктердің ақпараттандыру объектілері немесе ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы (проактивті қызмет арқылы) – 4 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Бейненұсқаулық

Қызмет көрсету орны

  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
  • «Цифрлық үкімет» порталы
  • Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы
  • "Электрондық еңбек биржасы" порталы
  • Мансап орталығы
  • Екінші деңгейлі банктерді ақпараттандыру объектілері