Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою
Қызметті қалай алуға болады
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
ЭЦҚ көмегімен:
1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық – техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның немесе облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелердің мекен-жайына, сот құжаты шығарылған аймаққа қарамастан, өтініштің электрондық нысанын толтыру.
3. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» кодексінің 615-бабының 7) тармақшасына сәйкес әрбір апостильденген құжат үшін 0,5 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж төлеу.
4. Өтінішке мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ережесіне сәйкес қажетті құжаттарды қоса тіркеу, электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қою және жіберу.
5. Өтінішті уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі қарағаннан кейін пайдаланушыға жеке кабинетке ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) хабарлама және қызмет көрсетуге дайын екендігі туралы SMS-хабарлама не бас тарту себептері көрсетілген жауап келіп түседі.
6. Қызмет көрсетуге дайын екендігі туралы хабарламаны алғаннан кейін өтініш беруші апостиль қою үшін уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне сот актісінің түпнұсқасымен келуі қажет. Құжаттардың түпнұсқалары хабарламада (хабарламада) көрсетілген мерзімде ұсынылмаған жағдайда қызмет көрсетуден бас тартылады. Қызметті алу үшін қайта жүгіну қажет.
Порталдың жұмыс кестесі
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Жиі қойылатын сұрақтар
1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Әділет министрінің мндетін атқарушы 2021 жылғы 4 қарашадағы №950, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 15 қарашадағы №702, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 16 қарашадағы №1182, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының 2021 жылғы 16 қарашадағы №30, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №363, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушы 2021 жылғы 24 қарашадағы №155, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 29 қарашадағы №574 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 8 желтоқсандағы №851 бірлескен бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №25789 тіркелген) апостиль қоюдың бірыңғай Қағидаларының талаптарына және осы Қағидаға сәйкес келмеуі.
- өтініш;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініштің берілген күні;
- өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Көру саны:873
