Мемлекеттiк қызметшiлерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу

Категорияларға қайту

Құрметті азаматтар!

Қызметке онлайн тапсырыс бермес бұрын ережелер мен тестілеу бағдарламаларын оқып шығыңыз:

әкімшілік қызметке түсетін үміткерлер үшін: http://zan.gov.kz/client/#!/doc/111187/kaz

құқық қорғау қызметіне түсетін кандидаттар үшін: http://zan.gov.kz/client/#!/doc/107343/kaz

Қызметті қалай алуға болады

Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3.  Сұранымның ашық жолдарын толтыру

4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.

5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Әкімшілік қызмет үшін: электрондық сертификат, "Б" корпусының лауазымына кандидаттың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу нәтижесі жөніндегі қорытынды немесе тестілеуді өту мәндерінен төмен нәтижелерімен тестілеуден өткені туралы анықтама.

Тестілеудің нәтижесі портал арқылы кандидаттың жеке кабинетіне 20 минут ішінде жіберіледі.

Құқық қорғау қызметі үшін: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеуден өту туралы сертификат, кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу нәтижесі бойынша қорытынды немесе тестілеуді өту мәндерінен төмен нәтижелерімен тестілеуден өткені туралы анықтама.

Мемлекеттік тілді білуге арналған тестілеуге шекті мән белгіленбейді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды түрде.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) кандидаттың соңғы күнтізбелік он бес күн ішінде шекті мәннен төмен нәтижемен тестілеуден өтуі;
2) кандидаттың соңғы алты ай ішінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14939 болып тіркелген) бекітілген Тестілеу ережелерін бұзу туралы қызмет беруші толтырған актінің бар болуы;
3) соңғы бір жыл ішінде тестілеу кезінде жалған адамды анықтау туралы оператор толтырған осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес актінің бар болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы;
5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламасы бойынша қолданыстағы сертификаттың болуы.

Көру саны:18741

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Мемлекеттiк қызметшiлерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

Тестілеу өтініш берілген күннен бір күнтізбелік күннен ерте емес және кандидат таңдаған тестілеу күні мен уақытынан кешіктірілмей өткізіледі.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Қызмет көрсету орны

  • «Цифрлық үкімет» порталы

Қосымша

Әкімшілік қызмет үшін Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі 

Құқық қорғау қызметі үшін Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі