Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға ұсыну үшін қажетті құжаттар:

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі)

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде 1-қосымшаға сәйкес өтініш береді.

  2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан берілетін зейнетақы төлемдерін, базалық зейнетақыны және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға жүгінген кезде 2-қосымшаға сәйкес өтініш ұсынады.

  3. Жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің ықтиярхаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейінгі қандас куәлігі) (жеке басты сәйкестендіру үшін қажет).

  4. "Байқоңыр" кешенінің ресейлік ұйымдарында жұмыс істеген адамдар Ресей Федерациясының валютасымен төленген табысы туралы жұмыс берушінің анықтамасы (бар болса).

  5. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға жүгінген күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамы туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсынан алады.

  6. Міндетті зейнетақы жарналарына, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемелеріне 0 түзету коэффиценті қолданылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша еңбек, кәсіпкерлік қызмет, қызмет түрлері бойынша жеке практикамен айналысу кезеңдерінде алынған табыс, сондай-ақ табыстары Кодекстің 211-бабының 3-тармағына сәйкес жеке тұлғаның салық салынуға жататын табыстарынан алып тасталған қызметтен түскен табыс осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жұмыс берушінің табыстар туралы анықтамасы.

  7. Өтініш берушінің еңбек өтілін растайтын құжат:

  • еңбек кітапшасы;

  • болмаған немесе жарамсыз болған, еңбек кітапшасында тиісті жазбалар болмаған, түзетулер, дәлсіздіктер болған және әртүрлі оқылған кезде архив мекемелерінен анықтамалар, мемлекеттік архивтің немесе ведомстволық архивтің уәкілетті қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған архивтік құжаттың электрондық көшірмелері немесе жұмыс орнынан анықтамалар.

  1. Неке туралы куәлік (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (ата-анасы/қамқоршы тегін өзгерткен кезде).

  2. Және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдерге жасына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалғанда, қосымша балалардың туу туралы куәліктері (немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазба немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) және балаларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеу фактісін растайтын құжаттар ұсынылады.

  1. Төтенше және аса жоғары радиациялық қатер аймақтарында тұрған адамға жасына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалғанда 1949 жылғы 29 тамыз бен 1963 жылғы 5 шілде аралығында 5 жыл бойы төтенше және аса жоғары радиациялық қатер аймақтарында тұру фактісін растайтын құжат қосымша ұсынылады.
  2. Қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенде қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжат ұсынылады.

Шет тілінде жасалған құжаттарды ұсыну барысында нотариус "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 80-бабына сәйкес құжаттың қазақ немесе орыс тіліне дұрыс аударылғанын куәландырады.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 11-1-2/576 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 16116 болып тіркелген) бекітілген Құжаттарды заңдастыру қағидаларында көзделген тәртіппен, егер заңдармен және халықаралық шарттармен өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттің құзыретті мекемесі берген немесе куәландырған не осы тұлғаға арнайы уәкілеттік берілген, оның құзыреті шегінде және ол белгілеген нысан бойынша шет мемлекеттің ресми мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәландыру рәсімінен (заңдастыру немесе апостильдеу) өткеннен кейін ғана қабылданады.

Құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну талап етілмейді.

Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі

Мемлекеттік корпорация – дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, Кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа, мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің кезекшілері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.

Қызмет нәтижесі

Осы Қа­ғи­да­лар­ға 16-қо­сым­ша­ға сәй­кес бе­кі­ті­л­ген ны­сан бой­ын­ша жа­сы­на бай­ла­ны­сты зей­не­та­қы тө­лем­де­рін та­ғай­ын­дау (та­ғай­ын­да­удан бас тар­ту) ту­ра­лы ха­бар­ла­ма.

Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­дық және (неме­се) қа­ғаз тү­рін­де.

Пор­тал­да жа­сы­на бай­ла­ны­сты зей­не­та­қы тө­ле­мін та­ғай­ын­дау ту­ра­лы ақ­па­рат көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің уәкі­лет­ті ада­мы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен (бұ­дан әрі – ЭЦҚ) ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­тіне» жі­бе­рі­ле­ді.

Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы же­ке өзі (неме­се но­та­ри­ат ку­әлан­дыр­ған се­нім­хат бой­ын­ша оның өкі­лі) кел­ген­де же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­ты көр­сет­кен кез­де ти­іс­ті құ­жат­тар­дың қа­был­дан­ға­ны ту­ра­лы қол­хат негі­зін­де бе­рі­ле­ді.

Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мо­биль­ді те­ле­фо­ны­на sms-ха­бар жі­бе­ру ар­қы­лы қа­был­дан­ған ше­шім ту­ра­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ны ха­бар­дар ете­ді.

Қабылдау "электрондық кезек" тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша жүзеге асырылады.

Жиі қойылатын сұрақтар

Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы осы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың тіз­бе­сі­нің 8-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген тіз­бе­ге сәй­кес құ­жат­тар жиын­тығ­ын то­лық бер­ме­ген және (неме­се) мер­зі­мі өтіп кет­кен құ­жат­тар­ды ұсын­ған, жа­сы бой­ын­ша зей­не­та­қы тө­ле­мін та­ғай­ын­да­у­ға құқы­ғы бол­ма­ған­да Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның қыз­мет­ке­рі осы Қа­ғи­да­лар­ға 8-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша та­ғай­ын­да­у­ға өті­ніш­ті қа­был­да­удан бас тар­ту ту­ра­лы қол­хат бе­ре­ді.

Зей­не­та­қы және жәр­де­ма­қы та­ғай­ын­да­у­ға өті­ніш бе­ру неме­се тө­леу фак­ті­сін рас­тай­тын мә­лі­мет­тер­ді ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ал­ған­да Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның қыз­мет­ке­рі осы Қа­ғи­да­лар­ға 7-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш­ті қа­был­да­удан бас тар­ту ту­ра­лы қол­хат­ты өті­ніш бе­ру­ші­ге тап­сы­ра­ды.

Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші мы­на­дай негіз­дер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту­ден бас тар­та­ды:

1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дәй­ек­сіз­ді­гін бел­гі­леу;

2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің осы Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі.

Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту се­беп­те­рін жой­ған­да, осы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың тіз­бе­сін­де бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен көр­се­ті­ле­тін мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы қай­та жү­гі­не­ді.

Көру саны:4172

Толық аты

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

10 жұмыс күні

Мемлекеттік корпорация өтініш берушіні қосымша құжатты (құжаттарды) ұсыну қажеттігі туралы 5 жұмыс күні ішінде хабардар еуі үшін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 5 жұмыс күніне ұзартылады

Порталда – ақпараттық жүйеге электрондық сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 30 минут

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ