Туу туралы анықтама
Қызметті қалай алуға болады
Портал арқылы сіз қызметті бірнеше тәсілмен ала аласыз:
ЭЦҚ көмегімен:
-
Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
-
"Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз
-
Сұранымның ашық жолдарын толтыру
-
Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.
-
"Электрондық үкіметтің" төлем шлюзінің бетіне "Төлеу" батырмасы бойынша өтіп, төлемді жүргізу.
-
Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Бір реттік пароль арқылы:
-
Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
-
"Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз
-
Сұранымның ашық жолдарын толтыру
-
Өтінімді толтырыңыз және оған бір реттік СМС-пароль арқылы қол қойыңыз (СМС порталдың жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі, міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу болу керек)
-
"Электрондық үкіметтің" төлем шлюзінің бетіне "Төлеу" батырмасы бойынша өтіп, төлемді жүргізу.
-
Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
* Онлайн қызметті баланың туу туралы жазба актісі 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жазылған азаматтар ала алады.
Порталдың жұмыс кестесі
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Жиі қойылатын сұрақтар
-
Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталса.
-
Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің, "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" және "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарына сәйкес келмеуі.
-
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.
Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер белгіленуі мүмкін.
- өтініш;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініштің берілген күні;
- өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Көру саны:17868
