Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары басшыларының және Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу алқа мүшесінің (Министрдің) отырысы

2020 жылғы 28 қаңтарда Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі-ЕАЭО) мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары басшыларының және Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу алқа мүшесінің (Министрдің) «5+1» форматында кезекті отырысы болып өтті.

Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Вице-министрі (бұдан әрі – ҚР ҰЭМ) М.Т. Такиев басқарды, оның құрамына ҚР ҰЭМ Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің (бұдан әрі – БҚДК) төрағасы Р.Н. Ахметов, сондай-ақ БҚДК басқармала басшылары А.Т. Баймақанова және А.Б. Ортақбаева кірді.

Отырыстың күн тәртібіне 12 мәселе кірді, олар: трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы ережелерінің сақталуын бақылау бойынша құқық қолдану практикасына, ЕАЭО-да роумингті алып тастау және мемлекетаралық (интеграциялық) құрылымдар аумағындағы халықаралық тәжірибеге, ЕАЭО мен ТМД-ның бәсекелестік нарықтарын қалыптастыру механизмі мен баға белгілеуді жетілдіру факторы ретінде тауарлармен ұйымдастырылған сауда-саттықты дамытуға, өмірлік маңызды дәрілік препараттар нарығында бәсекелестікті дамытуға, монополияға қарсы/бәсекелестік ведомстволар арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды жақсартуға және т. б. Қатысты.

Қазақстанның монополияға қарсы практикасы үшін көтерілген мәселелер толыққанды экономикалық талдау жүргізу, сондай-ақ нарық субъектілерін бәсекеге қабілетті мінез-құлыққа ынталандыратын жағдайлар жасау кезінде өзінің өзектілігін сақтайды.

Жарияланған күні

17 сәуір 2020

Жаңарту күні

17 сәуір 2020