Ресейдің Федералды монополияға қарсы қызметімен өзара әрекеттесу

Ресейдің Федералды монополияға қарсы қызметімен өзара әрекеттесу

Ағымдағы жылдың 8-12 сәуірінде Қазан қаласындағы Ресейдің Федеральді монополияға қарсы қызметінің оқу-әдістемелік орталығында Агенттік қызметкерлері «Цифрлық экономика жағдайында монополияға қарсы реттеу» тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстелге спикерлер ретінде қатысты.

Қатысушылар цифрлық шындықта әділ бәсекелестікті қалыптастыру және қолдау мәселелерін, цифрлық нарықтарда монополияға қарсы заңнаманы бұзу туралы істерді қарау ерекшеліктерін, сауда-саттықта жаңа үлгідегі картельдермен және сөз байласулармен күресу мәселелерін, сондай-ақ монополияға қарсы органдардың күнделікті қызметіне цифрлық технологияларды енгізу мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, дөңгелек үстелде экономиканы цифрлық трансформациялау мәселелері және жалпыға бірдей цифрландыруды енгізуге байланысты монополияға қарсы органның алдында тұрған сын-қатерлер қарастырылды.

Жарияланған күні

15 сәуір 2024

Жаңарту күні

15 сәуір 2024