Мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін тұлғалардың қызметіне Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мониторинг жүргізудің Алматы қаласы бойынша 2025 жылға арналған жоспар-кестесін бекіту туралы №15-НҚ бұйрық

Жоспар-кестені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 9 қазандағы № 1-НҚ бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Департамент) туралы Ереженің  19-тармағының 1) және 3) тармақшаларына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 1 желтоқсандағы № 296/НҚ бұйрығымен бекітілген, Мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін тұлғалардың қызметіне Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мониторинг жүргізу регламентеріне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін тұлғалардың қызметіне Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мониторинг жүргізудің 2025 жылға арналған жоспар-кестесі бекітілсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Департамент басшысының орынбасары Е. Ө. Абдубакиевке жүктелсін.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Басшы                                                                           Н. Уранхаев