Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
ЖОБА
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
- «Өткізілген сатып алу туралы ақпараттың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 16 шілдедегі № 250 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17253 болып тіркелді) мынандай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 169-1-бабы
4-тармағының 2) тармақшасына, 5-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының
2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:».
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
- «Келісу комиссиясының әрекет ету қағидалары мен оның құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 86 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14936 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабының
8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:».
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Келісу комиссиясының әрекет ету қағидалары мен оның құрамында:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жұмыс органы – монополияға қарсы органның құрылымдық бөлімшесі.».
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Келісу комиссиясы мүшелерінің саны жеті адамды құрайды.».
14-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Келісу комиссиясы мына лауазымды тұлғалардан тұрады:
1) Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) төрағасы, Келісу комиссиясының төрағасы;
2) Агенттік төрағасының орынбасары;
3) Бәсекелестікті құқықтық реттеу департаментінің директоры;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Заң департаментінің басшысы;
6) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Департаментінің басшысы;
7) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының басшысы.
- Агенттіктің Тергеп-тексерулер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
- осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
- осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
69