Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 Жарлығы.
|
|
Қазақстан Республикасының |
"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 407 Жарлығына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 01.03.2023 № 134 Жарлығымен.
- Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) туралы ереже;
2) Агенттіктің құрылымы;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
- Агенттікке Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің тауар биржалары саласындағы қызметті мемлекеттік бақылауды және лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілсін.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
- Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
- Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының
Президенті |
Қ.Тоқаев |
215
26 мамыр 2023 17:48
26 мамыр 2023