БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ САЛАЛЫҚ ЖОЛ КАРТАЛАРЫ
«Қазақстан Республикасында бәсекелестікті қорғау мен дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған Тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 938 Жарлығын орындау шеңберінде ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (бұдан әрі-Агенттік) Үкіметпен бірлесіп бәсекелестікті дамыту бағыты бойынша жұмыс жүргізуде.
Атап айтқанда, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп бәсекелестікті дамыту бойынша салалық жол карталарын қабылдады:
- Мұнай және мұнай өнімдері нарығында;
- Көмірді өткізу нарығында;
- Азаматтық авиация саласында;
- Агроөнеркәсіптік кешен саласында;
- Тұрғын үй құрылысы саласында;
- Денсаулық сақтау саласында;
- Дәрілік заттарды сақтау және тасымалдау қызметтері;
- Телекоммуникация саласында;
- ҚТҚ нарығында.
Теміржол көлігі, тауарлық газ, электр энергетикасы, қаржы нарықтары нарықтарындағы бәсекелестікті дамыту жөніндегі жол карталары келісу сатысында. Тұжырымдаманың қолданылу мерзімі ішінде 2026 жылға дейін іс-шаралар пысықталуына қарай аталған жол карталары жаңартылып, басқа тауар нарықтары бойынша жаңалары қабылданатын болады.
Жол карталарының орындалуына ай сайын мониторинг жүргізіліп отыратын болады. Сондай-ақ осы жұмысқа азаматтар белсенді қатыса алады. Егер Сіздің ойыңызша қандай да бір іс – шаралар орындалмаған жағдайда-өз ескертулеріңізді келесі мекенжай бойынша жіберуіңізді сұраймыз: (k.kense.azrk@azrk.gov.kz, (7172) 751641; 749701).
875