Артқа

Шәкенов Мади Қайратқалиұлы

Басқарма басшысының орынбасары

Жалпы ақпарат, білімі

1995 жылғы 20 сәуірде Талдықорған облысы Алакөл ауданы Қабанбай ауылында дүниеге келген.

О. Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясын, Д. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясын тәмамдаған. Заңтану мамандығы бойынша магистр дәрежесіне ие.

Мансап

Еңбек жолын О. Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясының Бизнес және құқық факультетінің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы қызметінен бастаған. Әр жылдары Алматы облыстық жастар ресурстық орталығының жастармен жұмыс және әлеуметтік қолдау көрсету бөлімінің маманы, Талдықорған қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы, бас маман, Талдықорған қаласы әкімінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы, Талдықорған қаласы әкімдігінің ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс, мемлекеттік қызметтерді мониторингтеу және құқық мәселелері жөніндегі бас маманы, Мансап орталығының директоры, Талдықорған қаласы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, Жетісу облысы әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған. 2026 жылғы 18 қыркүйекте Жетісу облысының ішкі саясат басқармасы басшысының бұйрығымен Жетісу облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Жұмыс бағыттары

Жаңарту күні: