Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Зайсан аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қыркүйектегі №62-2 «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №7601 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген қосымшаның 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын болып Зайсан қаласында Дінмұхамед Қонаев көшесі бойында орналасқан «Зайсан құрылыс компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының алдындағы алаң белгіленсін.»;
4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Шерулер мен демонстрациялардың бағыты: Зайсан қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі мен Керімбаев көшесінің қиылысынан Дінмұхамед Қонаев көшесі бойымен Баитов көшесінің қиылысына дейін қозғалу.»;
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«8. Заңның 9-бабының 5-тармағында көзделген объектілердің іргелес аумақтарынан кемінде 400 метр арақашықтықта пикет жүргізуге тыйым салынады.».
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат төрағасы Е.Загипаров