Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесіне XXII халықтық спорт ойындарының ашылуы өтті

Ұлан ауданы командасының атынан 92 спортшы мен 18 жаттықтырушы қатысуда. Команда құрамында ауданның бетке ұстар азаматтардың бірі ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жапишев Жұмабек, спартакиадаға қатысушылар: Амренов Талғат, Уалиев Ерлан, Мусин Досым аударыспақ және арқан тартыстан әлем чемпионы Ермек Жапишев бастаған бір топ Ұландық азаматтар жоғарғы нәтиже көрсете білді. Осы құрама командаларымыз Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында өз өнерлерін көрсету үшін жолдама алды.
Спортшыларға жеңістер мен спорттық жетістіктер тілеймін!
Қызмет бағыты