Жалдамалы тұрғын үй құнының жартысын субсидиялау ұсынылады

Тиындар және үйдің макеті

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында жоғарыда көрсетілген санаттар бойынша тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтарға жеке тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйді жалға алу үшін төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру тәртібі белгіленді.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.02.2022 жылғы №60 бұйрығымен жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілді, оған сәйкес отбасының (азаматтың) жиынтық табысы бар халықтың әлеуметтік осал топтарының кезекте тұрғандары үшін соңғы 6 (алты) айда отбасының әрбір мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 еселенген шамасынан аспайтын мөлшерде (2024 жылы 43 407 теңге)  жалдамалы тұрғын үй құнының жартысын субсидиялау ұсынылады.

Тұрғын үй үшін төлемдер тепе-теңдік негізде жүзеге асырылады: 50% бюджет қаражаты есебінен және 50% алушы.

         Бұл ретте, мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен төлемдердің 50%-ын Кезекте тұрғандардың бірыңғай республикалық электрондық базасында есепте тұрған және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін азаматтардың жекелеген санаттарына әрбір қаржы жылына арналған тиісті бюджетте көзделген республикалық бюджеттен бөлінетін шығыстардың 80 % және жергілікті бюджеттен 20 % құрайды.

Бағдарлама операторы болып «Отбасы банк» АҚ белгіленді.

Өтініш берушілерге қойылатын негізгі талаптар:

1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

2) отбасының (азаматтың) соңғы 6 (алты) айда отбасының әрбір мүшесіне шаққанда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңмен бекітілген ең төмен күнкөріс деңгейінің 1 еселенген шамасынан аспайтын жиынтық табысының болуы;

3) Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес тұрғынжайға мұқтаж ретінде есепке қоюды және тұрғынжайға мұқтаж мәртебесін растау болып табылады;

4) құқықтық кадастрда тіркелген тұрғын үй иесі мен жалға алушы арасында жасалған шарттың болуы.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Сізге «Отбасы Банк» АҚ-ға жүгінуді ұсынамыз.