Туған жерге тағзым

Былтыр "Астана күні" мерекесі қарсаңында Мамай батыр ауылында "Туған жерге тағзым" акциясы аясында жаңа арка ашылды. Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығында орай біздің ауданымыздың көптеген тумалары, соның ішінде Зейнолда отбасының азаматтары өз жерлестерін қуантып, өздерінің кіші Отанына жаңа, маңызды нысандар сыйлауда. Бұл арка, 30 жыл бұрын тарихи Отанына оралған және қазіргі уақытта еліміздің түкпір-түкпірінде тұратын, бірақ туған жерін ұмытпайтын Зейнолда отбасынан шыққан алты ағайынды есебінен салынған. Сондай-ақ, бүгін жол бойында 30 шырша көшеттері отырғызылды, олар болашақта Арка айналасындағы жолды көгалдандырады. Осы іс-шараның құрметіне шағын мерекелік концерт және бәйге өткізілді. Біз жиналған жерлестерімізбен бірге Зейнолда ақсақалдын балаларына, сондай-ақ арка құрылысына атсалысып көмектескен Мамай батыр ауылының барлық тұрғындарына үлкен алғысымызды білдіреміз. Біздің ауданда елді мекендердің келбетін безендіретін осындай нысандар көп болсын.
«Ұлан ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ