Ағзамов Мұхамедолла Сағидоллаұлы

Ағзамов Мұхамедолла Сағидоллаұлы 1951 жылы туған. 1967 жылы мектеп бітіріп, Алматыдағы Қазақ Мемлекеттік ауылшаруашылығы институтына түсіп, 1972 жылы инженер-техник мамандығы бойынша бітірді.

1972-1975 жылдары Өскемен ауылшаруашылық техникумында мұғалім,  1975-1978 жылдары Үлбі металлургия зауытында слесарь болып істеді.

1978 жылы Ұлан ауданы «Передовой» совхозында бас инженер, 1992-1997 жылдары совхоз директоры қызметін атқарады.  

1997-2007 жылдары «Колос» шаруа қожалығын құрып, басқарады. 2007 жылдан бастап Шығыс Қазақстан ауылшаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры болып.ғылыми зерттеулермен айналысады. Бүгінгі күні «Колос» ШҚ басшылық етеді.

Қолкүресі спортының 5 дүркін Азия чемпионы, халықаралық дәрежедегі төреші, Қазақстанда гір және қолкүресі Федерациясының Құрметті Президенті, Дүниежүзілік қолкүресі Федерациясының вицепрезиденті. Гір көтеруден Шығыс Қазақстан облысының 9 дүркін чемпионы.

2014 жылы 21 сәуірдегі V шақырылған Ұлан аудандық мәслихатының XXIV cессиясының № 185 шешімімен «Ұлан ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

Жарияланған күні

22 маусым 2022

Жаңарту күні

22 маусым 2022