№01/04/01 ҚАУЛЫ 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Ұлан аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
Ұлан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
№01/04/01 ҚАУЛЫ
2023 жыл 20 қаңтар Қасым Қайсенов кенті
2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған
Ұлан аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 101-бабының, 3 тармағына сәйкес Ұлан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Ұлан аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған үлгі күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы Ұлан аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Сайлау комиссиясының төрағасы А. Кумарова
Сайлау комиссиясының хатшысы Ж. Балтабаева
15
20 қаңтар 2023 15:53
20 қаңтар 2023