Ұлан ауданы әкімінің 2021 жылғы 02 сәуірдегі № 2 «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Ұлан ауданы әкімінің 2021 жылғы 02 сәуірдегі № 2 «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23 бабы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»» Заңының 33 бабының 2 тармағына сәйкес, Ұлан ауданының әкімі ШЕШТІ:
- Ұлан ауданы әкімінің «Сайлау учаскелерін құру туралы» 2021 жылғы 02 сәуірдегі № 2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8570 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- «Ұлан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап, он күнтізбелік күн ішінде, оның көшірмелерін Ұлан ауданының аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін, Ұлан ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Ұлан ауданы әкімінің аппарат басшысы А. Халеловке жүктелсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5