Ұлан ауданы бойынша 2022 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы                             1-тармағының 31) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысымен «Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Ұлан ауданының маслихаты ШЕШТІ:

  1. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемесі болу–құнының 0 (нөл) пайызы бекітілсін.
  2. Ұлан ауданы бойынша 2022 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарнаның ставкасы Ұлан аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясының бекітуіне енгізілсін.
Жарияланған күні

30 қараша 2022 10:58

Жаңарту күні

30 қараша 2022

Түрі