Ақпаратқа қол жеткізу туралы Заңы
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 16 қарашадағы No 401-V ҚРЗ.
Р Қ А О - н ы ң е с к е р т п е с і !
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 21-баптан қараңыз.
Қ о л д а н у ш ы л а р н а з а р ы н а !
Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін РҚАО мазмұнды жасады.
МАЗМҰНЫ
Осы Заң ақпаратты заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін алу және тарату жөніндегі әркімнің конституциялық құқығын іске асыру нәтижесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпарат – ақпарат иеленуші алған немесе жасаған, кез келген жеткізгішке
түсірілген және оны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін деректемелері бар тұлғалар,
заттар, фактілер, оқиғалар, құбылыстар және процестер туралы мәліметтер;
12