Алдажаров Дархан Адылбекович
Ұлан ауданы әкімінің орынбасары "Ұлан ауданы әкімінің аппараты" ММ
Жалпы ақпарат, білімі
Дархан Адылбекұлы 1982 жылы 18 ақпанда Өскемен қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2004 жылы Қазақстан-Американдық еркін университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2006 жылы бастаған. Әр жылдары сот жүйесінде, жергілікті атқарушы органдарда, кәсіпкерлік, инвестиция және құрылыс салаларында жауапты қызметтер атқарған. Глубокое ауданы әкімінің аппаратын басқарған, Опытное поле ауылдық округінің әкімі болған. Сондай-ақ Ұлан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
Жалпы еңбек өтілі – 19 жыл 4 ай, мемлекеттік қызмет өтілі – 14 жыл.