«Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасы» ММ цифрландыруды дамыту және ақпараттандыру бөлімі туралы ЕРЕЖЕ
«Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасы» ММ цифрландыруды дамыту және ақпараттандыру бөлімі туралы ЕРЕЖЕ
Жалпы ережелер
Цифрландыруды дамыту және ақпараттандыру бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, облыс әкімінің, әкімдігінің актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.