«Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінің көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 325 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЖОБАСЫ
«Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінің
көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және
күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар
түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы»
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы
18 қазандағы № 325 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінің көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 325 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4741 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- «Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің көлік
және автомобиль жолдары мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. - Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысының
әкімі Н. Сақтағанов
18
03 наурыз 2026 14:21
03 наурыз 2026