Құм кептіру желісінің жанарғы жүйесін оны дизель отынынан сұйытылған газға ауыстыру кезінде газгольдер салумен қайта жаңарту" жобасы бойынша ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдау өтеді.

Жарияланған күні

Хабарлама

16.03.2022

"Alina Group" ЖШС, 2022 жылғы 15 сәуір күні, сағат 11.00-де Семей қ., Әуезов даңғылы, 130 "Құм кептіру желісінің жанарғы жүйесін оны дизель отынынан сұйытылған газға ауыстыру кезінде газгольдер салумен қайта жаңарту" жобасы бойынша ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдау өтеді. Мекен-жайы: Шығыс Қазақстан облысы, Семей қ., Әуезов к. 130, шығарындылардың шекті жол берілетін нормативтерінің жобасы, қалдықтарды басқару бағдарламасы, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы, табиғатты қорғау іс-шараларының жоспары.

Жобалық құжаттама пакетімен бірыңғай экологиялық порталда, сондай-ақ ЖАО-ның "Шығыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"сайтында танысуға болады.

Барлық ескертулер және / немесе ұсыныстар қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бірыңғай экологиялық порталда, сондай-ақ ЖАО-ның "Шығыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"сайтында қабылданады.

Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар енгізілген жағдайда қоғамдық тыңдаулар онлайн-режимде өткізіледі. Белсенді сілтеме бірыңғай экологиялық порталда және ЖАО-ның "Шығыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" сайтында ұсынылады.

Қосымша ақпаратты Семей қаласы, Әуезов даңғылы, 130 мекенжайы бойынша және 8-702-745-6292 телефоны бойынша алуға болады.

Межеленіп отырған қызмет бастамашысының деректемелері және байланыс деректері - "Alina Property" ЖШС, Қазақстан Республикасы, 050030, Алматы қ., Бекмаханов к-сі, 92г, Тел.: +7 (727) 330 37 00

Ықтимал әсерлер туралы есеп құрастырушылардың деректемелері және байланыс деректері - "Рұқсат "республикалық еңбекті қорғау және экология орталығы"ЖШС

010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., Отырар к-сі, 3 үй, 85 пәтер, тел. / факс: 8(7172)21-22-21, e-mail: ruksat.too@mail.ru

 

Қоғамдық тыңдауға қатысты материалдар  жүктеу

19.04.2022

Қоғамдық тыңдаулар хаттамасы жүктеу

Қоғамдық тыңдаулардың бейне және аудиожазбасына сілтеме https://youtu.be/fS-V5lDMurI 

Жарияланған күні

16 наурыз 2022

Жаңарту күні

16 наурыз 2022