«Ақтоғай кен орны карьері ауданында орналасқан бақылау ұңғымаларын жою және көшіру» жобасы бойынша ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдау өткізіледі.

Жарияланған күні

Хабарлама

18.10.2021

24.11.2021 ж. сағат 11.00-де Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Ақтоғай кенттік округі әкімі аппаратының ғимаратында «Ақтоғай кен орны карьері ауданында орналасқан бақылау ұңғымаларын жою және көшіру» жобасы бойынша ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдау өткізіледі.

Карантин ұзартылған жағдайда бұл қоғамдық тыңдаулар Zoom платформасында бейне-конференц-байланыс арқылы онлайн режимінде өткізіледі.

Тыңдауға қатысу үшін конференция идентификаторын теру керек: 319 003 7214, кіру коды: VJgZ3T.

Конференцияға қосылу сұрақтары бойынша тапсырыс берушінің телефондарына хабарласуға болады.

Тапсырыс беруші, деректемелер және байланыс деректері: «Kaz Minerals Aktogay» ЖШС (Қаз Минералз Ақтоғай), БСН 090840006023, пошта индексі 050021, Алматы қ., Медеу ауданы, Достық даңғылы 85а, 1 Корпус, т. 8 (701) 035-34-27.

Әзірлеуші, деректемелер және байланыс деректері: "Barlau-Qazaqstan" ЖШС, БСН 170440033281, пошта индексі 010010, Нұр-сұлтан қ., Есіл ауданы, Қорғалжын тас жолы, 25 А ғимарат, 512 кабинет, т. 8 (701) 913-73-15

Жергілікті атқарушы органның атауы: «ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, тел. 8 (7232) 25-72-06.

Жобалық құжаттама пакетімен бірыңғай экологиялық порталда танысуға болады: ecoportal.kz, сондай-ақ сайтта: www.e-priroda.gov.kz «Қоғамдық тыңдау» бөлімінде.

Көзделіп отырған қызмет туралы ақпарат алуға және құжаттардың көшірмесімен танысуға болатын электрондық мекенжайы мен телефон нөмірі: Kal.Environmental@Kazminerals.com, т.8 (701) 035-34-27.

Мүдделі жұртшылықтың ескертулері мен ұсыныстары мына мекенжайлар бойынша қабылданады: Өскемен қаласы, К.Либкнехт көшесі,19, «ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, тел. 8 (7232) 25-72-06. Электрондық мекен-жайы: a.abdraeva@akimvko.gov.kz.

 

Қоғамдық тыңдауға қатысты материалдар (жүктеу)

29.11.2021

Қоғамдық тыңдаулар хаттамасы 

Қоғамдық тыңдаулардың бейне және аудиожазбасына сілтеме

https://www.youtube.com/watch?v=7YTEj-SVzWY

 

Жарияланған күні

18 қазан 2021

Жаңарту күні

18 қазан 2021