«Риддер қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің терроризмге қарсы комиссияның қызметін ұйымдастыру жөніндегі бас маман (санаты Е-4) ( «Б» функционалдық блогы).
Риддер қаласының әкімдігі
Шығыс Қазақстан облысы
210086
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Функционалды міндеттер
Орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен, меншік нысанына қарамастан ұйымдармен және терроризмге қарсы комиссияның (ТҚК), құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, шекара маңы мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің (Комиссиялардың) қызметі мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді; ТҚК мүшелерінің және комиссиялардың ұсынысы бойынша ТҚК және комиссиялардың тиісті жылға арналған жұмыс жоспарын әзірлейді және келіседі; ТҚК және комиссиялардың отырыстарын ұйымдастыру мен өткізуді тоқсанына кемінде 1 рет жүзеге асырады, қажет болған жағдайда ТҚК төрағасы мен комиссияларының шешімі бойынша оның кезектен тыс отырыстарын өткізеді; ТҚК жұмыс тобының отырысын ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асырады; ТКҚ шешімінің жобасын дайындайды ТҚК төрағасы, комиссия төрағалары қол қойып, хаттамамен ресімделетін және қол қойылатын, оларды белгіленген мерзімде таратуды жүзеге асырады; ТҚК жұмыс тобы шешімінің жобасын дайындайды, ол хаттамамен ресімделеді және оған ТҚК аппарат басшысы қол қояды, оларды белгіленген мерзімде таратуды жүзеге асырады; ТҚК және комиссиялар қызметінің қорытындылары бойынша ақпарат дайындауды, белгіленген нысан мен мерзімдер бойынша ТҚК және комиссиялардың қызметі туралы есептік ақпаратты (отырыстар хаттамаларының, анықтамалық, ақпараттық-талдау материалдарының көшірмелері және т. б.) жіберуді жүзеге асырады; ТҚК және оның шешімдерінің орындалуын бақылау жөніндегі комиссиялардың қызметін қамтамасыз етеді; ТҚК-ның төрағасына және комиссия төрағасына ақпарат пен мәліметтерді беруге жауапты тұлғалардың атқарушылық тәртібі туралы ақпарат дайындайды, ТҚК және комиссиялардың хатшысының, ТҚК-ның жұмыс тобы хатшысының өкілеттіктерін жүзеге асырады; ТҚК-ның және комиссиялардың іс жүргізуін жүзеге асырады; қажет болған жағдайда Бөлім басшысының басқа да тапсырмаларын орындайды; сапа саласындағы саясатты білуі және қолдануы тиіс; басқа бөлімшелермен бірлесіп қолданыстағы ішкі нормативтік құжаттарды өзгерту немесе күшін жою туралы ұсыныстар дайындайды; ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуге және жақсартуға қатысады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 21.06.2022
- ШҚО, Риддер қ., Семенова к-сі, 19
-
8 (72336) 42941, факс 8(72336)42573