
Баспасөз орталығы
Жаңалықтар
- ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
- 2026 жылғы 17 қазанда Риддер қалалық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуге дайындық және сайлау комиссиялары мүшелерін оқыту жоспарын іске асыру шеңберінде Риддер қаласының аудандық сайлау комиссияларының төрағалары, төрағаларының орынбасарлары мен хатшылары үшін оқыту семинары өтті. Семинар барысында Риддер қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е. Агешкина сайлау процесін ұйымдастырудың практикалық аспектілеріне ерекше назар аудара отырып, сайлау заңнамасының өзекті мәселелерін егжей-тегжейлі қарастырды. Семинарға қатысушылар өз білімдерін тереңдетуге, өзекті мәселелерді талқылауға және алдағы сайлау науқанына кәсіби дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік алды.
- 2026 жылғы 16 қазанда Риддер қаласының аудандық сайлау комиссияларының мүшелері «Мәслихаттар депутаттарының сайлауын ұйымдастыру және өткізу» тақырыбында оқыту семинарына қатысты. Семинар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік оқыту академиясының электоралды оқыту орталығының базасында MICROSOFT ZOOM платформасы арқылы өтті. Оқыту қорытындысы бойынша қатысушылар сайлау заңнамасын қолданудың, сайлауды ұйымдастырудың, сайлау жағдайларын құқықтық талдаудың жаңа құзыреттерін игерді, сондай-ақ ақпараттық сүйемелдеу, сайлау алдындағы үгіт және қадағалау мәселелерінде білімдерін кеңейтті. Семинарды барлығы 27 адам тыңдады.
- Мәслихат депутаттарын сайлау
- Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушыларға сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастырудың ақы мөлшері мен шарттарын жариялау туралы АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпаратпен танысыңыз
Жаңартуларға тіркеліп, маңызды жаңалықтар мен оқиғалар туралы хабардар болыңыз






