Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы
Жоба
Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Салық кодексі» кодексінің 582-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Риддер қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 қарашадағы № 49/3-VI «Риддер қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы» шешіміне сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
- Риддер қаласы елді мекендерінің жерлеріне Салық кодексінің 577-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемесі:
1) Риддер қаласының жерлеріне:
1 аймақ бойынша - 50% арттыру;
2-аймақ бойынша - 10% арттыру;
3-аймақ бойынша - 30% арттыру;
4-аймақ бойынша - 35% арттыру;
5 аймақ бойынша - 10% арттыру;
6 аймақ бойынша - 20% арттыру;
7 және 8 аймақтар бойынша - жер салығының базалық мөлшерлемесі түзету қолданылмай қалдырылсын;
2) Риддер қаласының Үлбі кенті, Ульбастрой ауылы, Лениногорский лесхоз жерлеріне:
1-аймақ бойынша - 50% арттыру;
2-аймақ бойынша - 50% арттыру;
3-аймақ бойынша - 10% арттыру;
4-аймақ бойынша - 10% арттыру;
3) Риддер қаласы Поперечное ауылының жерлеріне:
1-аймақ бойынша - 10% арттыру;
4) Риддер қаласы Пригородное ауылының жерлеріне:
1-аймақ бойынша - 20% арттыру;
5) Риддер қаласы Лесное ауылының жерлеріне:
1-аймақ бойынша - 40% арттыру.
Риддер қаласының Бутаково ауылы, Жоғарғы Хариузовка ауылы, Коноваловка ауылы, Ливино ауылы жерлеріне жер салығының базалық мөлшерлемесі түзету қолданылмай қалдырылсын.
- Риддер қаласының әкімшілік бағынысындағы елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне Салық кодексінің 578-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемесі:
1) Риддер қаласының жерлеріне:
3-аймақ бойынша - 20% арттыру;
6-аймақ бойынша - 20% арттыру.
- Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Риддер қаласы қалалық
мәслихатының төрағасы Е. Нужных
8
20 қараша 2025 14:52
20 қараша 2025