«Риддер қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы»
Риддер қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 1119 қаулысына өзгерту енгізу туралы
Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Риддер қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Риддер қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 1119 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31072 болып тіркелген) төмендегі өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген Риддер қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Риддер қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Риддер қаласының әкімі Д. Рахметкалиев