Риддер қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы
Риддер қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 15-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасы «Жайылымдар туралы» Заңының 8-бабы 1) тармақшасына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
- Риддер қаласындағы жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жоспар осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы шешім ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне электрондық түрде жолдансын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Риддер қалалық мәслихатының хатшысы
3