«Риддер қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережесі
Риддер қаласы әкімдігінің
2023 жылғы «24» ақпандағы
№ 150 қаулысына
қосымша
«Риддер қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
- «Риддер қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Аппарат) Риддер қаласы әкімінің қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
- Аппараттың ведомстволары жоқ.
- Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясынажәне заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Аппарат ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
- Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
- Аппарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
- Аппарат өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Аппарат басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
- Аппараттың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
- Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 071300, Риддер қаласы, Семенова көшесі, 19.
- Осы Ереже Аппараттың құрылтай құжаты болып табылады.
- Аппараттың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
- Аппаратқа кәсіпкерлік субъектілерімен Аппараттың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Аппаратқа заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, жергілікті бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
- Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде әкімнің өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету;
2) тиісті аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттіліктерімен үйлестіре отырып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етуге жәрдем көрсету.
- Өкілеттіктері:
- құқықтары:
1.1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан және өзге де ұйымдардан қажетті құжаттар сұрату және алу;
1.2) Риддер қаласы әкімдігінің (бұдан әрі – әкімдік), комиссиялардың, жұмыс топтарының отырыстарына, мемлекеттік органдар өткізетін іс-шараларға қатысу;
1.3) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың әкім мен әкімдік қарастыратын құжаттарды дайындауға қатысуға тарту;
2) міндеттері:
2.1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
2.2) әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері көрсететін мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасының сақталуына бақылау жүргізу;
- Функциялары:
1) Риддер қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы, ақпараттық дамуы, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) дамыту бағыттары бойынша әкімнің қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету және олардың Риддер қаласының аумағында орналасқан азаматтардың, кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің орындауын бақылау;
3) Риддер қаласының мәслихатымен, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету;
4) әкімнің қызметін және әкімдік отырыстарын, қажет болған жағдайда консультативтік-кеңесші органдарын құжаттамалық қамтамасыз ету және қызмет көрсету;
5) бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ретінде әрекет ету;
6) әкімдіктің Регламентіне сәйкес әкімдік қаулыларының, әкім қабылдайтын шешімдер мен өкімдердің, сондай-ақ аппарат басшысы бұйрықтарының жобаларына құқықтық және өзге де аспектілеріне сараптама жүргізу, нормативтік құқықтық актілер жобаларына сараптама ұйымдастыру;
7) әкімнің, оның орынбасарларының, Аппарат басшылығының қатысуымен мәжіліс өткізуді ұйымдастыру, мәжіліс материалдарын, хаттамаларын рәсімдеу және тарату;
8) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау;
9) әкімдік қаулыларының, әкімнің және оның орынбасарларының актілері мен тапсырмаларының, әкімдік отырыстары хаттамалық шешімдерінің орындалуын бақылау, әкімді осы мәселелер бойынша ақпараттандыру;
10) әкімнің тапсырмасы бойынша соттарда әкімдіктің және әкімнің мүдделерін білдіру және қорғау, прокурорлық ден қою актілерін қарау;
11) құпия іс жүргізуді, арнайы байланысты ұйымдастыру және жүргізу, хат-хабарларды өңдеу, нормативтік құқықтық актілердің талаптарына құпиялылық режимінің сәйкес келуін, әкімдік ғимаратына кіріп-шығу режимін қамтамасыз ету
12) мемлекеттік органдардың іс жүргізу талаптарының, оның ішінде құпиялылық режимін қамтамасыз ету және құпия іс қағаздарын жүргізу, сондай-ақ қорғау құралдарын және қорғалған баспа-бланкілік өнімдерін пайдалану жағдайының кешенді, тақырыптық және бақылап тексерілуін сақтау жөніндегі қызметін үйлестіру;
13) Риддер қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын әкімдіктің ведомстволық бағынысты ұйымдары мен коммуналдық кәсіпорындарына мониторинг жүргізу;
14) Аппараттың және әкімдіктің номенклатурасына кіретін кадрлар бойынша ұсыныстарды зерделеу мен енгізуді ұйымдастыру, кадрлар резервін қалыптастыру, олардың оқуын, тағылымдамадан және қайта даярлаудан өтуін ұйымдастыру жолымен кадрлық саясатты жүзеге асыру;
15) әкім тағайындаған немесе оның келісімімен тағайындалған кадрлармен жұмыс;
мемлекеттік наградалар бойынша жергілікті атқарушы органның қызметін ұйымдастыру;
16) Аппараттың теңгеріміндегі материалдық құндылықтардың есебін жүргізу және олардың сақталуын бақылау;
17) АКТ және ақпараттық жүйелерді енгізу, сондай-ақ деректермен алмасудың халықаралық стандарттарын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың қызметіне АКТ құру, енгізу және пайдалану үдерістерін енгізу;
18) әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінде «Documentolog» электрондық құжатайналымы ақпараттық жүйесінің жұмыстарын үйлестіру;
19) бұқаралық ақпарат құралдарында әкімнің және әкімдіктің қызметін жариялауды қамтамасыз ету;
20) мемлекеттік тілде іс жүргізуді кезең-кезеңімен енгізу;
21) Аппаратта және оның құрылымдық бөлімшелерінде іс жүргізуді қалпына келтіру және жетілдіру;
22) мемлекеттік орган қызметінің бағыты бойынша сапасын және оның жұмыс істеу өнімділігін арттыру мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сапасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
24) Риддер қаласының аумағында қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде құқық қорғау органдарымен өзара байланысты ұйымдастыру;
25) қаланың Терроризмге қарсы комиссиясының қызметін ұйымдастыру;
26) Риддер қаласының аумағында жедел жағдайға талдау және бағалауды жүргізу;
27) Риддер қаласының жұмылдыру дайындығы мен аумақтық қорғанысының жай-күйіне талдау жүргізу;
28) төтенше жағдайларда халықтың тіршілігін қамтамасыз ету;
29) жергілікті атқарушы органдардың төтенше резервінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың және олардың зардаптарының алдын алуға және жоюға қаражат бөлу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
30) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес іс қағаздарын жүргізу және хат-хабарларды өңдеу;
31) азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
32) азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;
33) әкімдіктің, консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарын, жалпы қалалық қоғамдық-саяси іс-шараларды дайындау;
34) әкімнің Аппаратқа жүктеген өзге де функциялар.
3-тарау. Мемлекеттік органның
бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
- Қала әкімі аппаратына басшылықты қала әкімі аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
- Қала әкімі аппаратының басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
- Штат бойынша аппарат басшысының орынбасары қарастырылмаған.
- Қала әкімі аппараты басшысының өкілеттігі:
- аппаратқа жүктелген мақсаттарды іске асыруды ұйымдастырады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Аппарат қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік ұйымдарда Аппараттың мүддесін білдіреді;
4) Аппараттың құқықтық актілеріне қол қояды;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Аппарат қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
- аппараттың тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
7) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
9) ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттеріне және кәсіптік даярлығына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
10) қала әкімі аппаратының барлық қаржылық құжаттарына бірінші қол қою құқығына ие;
11) қалалық жобалау басқармасының үлгілік базалық бағытына басшылықты жүзеге асырады;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
- Әкім аппараты басшысының өкілеттіктерін ол болмаған кезеңде орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес міндеттерін орындау жүктелген тұлға жүзеге асырады
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
- Аппараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Аппараттың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
- Аппаратқа бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
- Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Аппараттың өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
- Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
48
13 ақпан 2020 00:00
10 наурыз 2023