Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Азаматтарды қабылдау орталығы
Өз қызметін орталық мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылы үшін орталықтандырылғаналаң ретінде жүзеге асырады.
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруӘлеуметтік көмек қалалық мәслихат сессиясының 2020 жылғы 9 шілдедегі № 58/5-VI шешімімен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Өскемен қаласының аумағында тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелген тұлғаға қағидаларына сәйкес көрсетіледі.
Біржолғы әлеуметтік көмекті рәсімдеу үшін сізге өз атыңыздан немесе отбасыңыздың атынан келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- Жеке басты куәландыратын құжат;
- Адамның (отбасы мүшелерінің)табыстары туралы мәліметтер;
- Өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын Акт және / немесе құжат.
Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне Шәкәрім даңғылы, 149 к.10, № 14 кабинет (тел. 700995) мекенжайы бойынша барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін өтініш мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде қаралады.
Жоғарыда көрсетілген Қағидалардың 2 – тарауының 8-тармағына сәйкес әлеуметтік көмек көрсету үшін адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінде (2021 жылғы 4 тоқсанда-77196 теңге) белгіленген, одан асқан жағдайда әлеуметтік көмек көрсетілмейді.
ПИК сұрақтары бойынша Сіз "Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі"ММ-не жүгіне аласыз. Тургенев Көшесі, 30. Тел: 60-98-66.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 67 және 68-баптарына сәйкес санаттардың біріне жататын жағдайда және Өскемен қаласында тұрақты тіркелген жағдайда, мұқтаждар есебіне қою үшін алдын ала жазылу бойынша кез келген халыққа қызмет көрсету орталығына (Белинский көшесі, 37а, Қазақстан көшесі, 99/1, Сәтпаев даңғылы, 34/2) жүгіну немесе электрондық үкімет порталы (е-gov) арқылы өтінім беру қажет.