Ауыл шаруашылығын дамыту

Ауыл шаруашылығын дамыту

Агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы өнімінің көлемі 2024 жылы 26,7 млрд. теңгені құрады.

Өскемен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу орталығы болып табылады.

Азық-түлік кәсіпорындарының дайын өнімі ҚР басқа өңірлеріне жеткізіледі.

Қала аумағында негізгі қайта өңдеу кәсіпорындары орналасқан:

Сүт өңдеу кәсіпорындары: «Эмиль» ЖШС және «Восток Сүт» ЖШС.

Ет өңдеушілер: Өскемен Ұлан ет-консерві зауыты ЖШС, «Көкжал» ЖШС.

Күнбағыс майын қайта өңдеу: «Май» АҚ, «Өскемен май экстракция зауыты» ЖШС, «Өскемен май зауыты» ЖШС, «Востокэколайн» ЖШС, «Янтарь УК» ЖШС.

Ағымдағы жылы келесі жобаларды іске асыру жоспарланған:  «AITAS AGRO ASTYK» ЖШС «20 мың тоннаға астық қоймасын салу».  Жобаның құны 4,6 млрд. теңге, (0,9 млрд.теңге меншікті қаражат, 3,69 млрд. теңге - Халық банкі арқылы қарыздар).

2025-2026 жылдарға жоспарланған зауытты пайдалануға беру.

«Молочный экспресс» ЖШС, Абай даңғылы, 199, бойында сүтті қайта өңдеуге, сүт өнімдерін буып - түюге және сақтауға арналған техникалық жабдығы бар сүт өңдеу зауытына қосымша құрылыс салу арқылы өндірістік базаның қолданыстағы ғимараттарын реконструкциялаумен және қайта жабдықтаумен кеңейту. Жобаның құны 500 жұмыс орнын құрумен 3,8 млрд.теңге (меншікті 0,8 млрд. теңге және қарызға алынған 3 млрд. теңге). Іске асыру мерзімі 2024 – 2026 жж.

«Өскемен Агропродукт» ЖШС, «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу». Тазартылған май 30 000 тоннаға дейін, лецитин 3000 мың тоннаға дейін. Жобаның құны 1,03 млрд. теңге, (0,156 млрд.теңге меншікті қаражат, 0,882 млрд. теңге - АКК арқылы қарыз).

 

Жаңалықтар

Барлық жаңалық

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

Агрессивті қаңғыбас иттер табылса, жануарларды аулау қажеттілігі туралы өтінішпен қалалар мен аудандардың ветеринария саласындағы кәсіпорындарға хабарласу қажет. Егер мәселе шешілмесе Сіз шағым беруге құқығыңыз бар. Шағым актісіне, әрекетіне/әрекетсіздігіне шағым жасалған органға беріледі. Шағым әкімшілік актіні  қабылдау туралы немесе іс-әрекеттің/ әрекетсіздіктің жасалуы белгілі болған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей беріледі. Шағымда жағдайды егжей-тегжейлі сипаттау, өтініш жасалған күнді және Сіз жүгінген ұйымның атауын көрсету ұсынылады. Бұл қажетті шараларды қарастыру және қабылдау процесін жеделдетуге көмектеседі.