2023-2025 жылдарға арналған Күршім ауданының бюджеті туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 73, 75 баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2, 3 қосымшаларғасәйкес, соның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 5892988,0 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 2477284,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 40387,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 7849,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 3367468,0 мың теңге;
2) шығындар - 5892988,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 138846,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттер - 181125,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 42279,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профицит) - - 138846,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 138846,0 мың теңге:
қарыздар түсімі - 181125,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 42279,0 мың теңге.
- Облыстық бюджеттен аудандық бюджетке 2023 жылға берілген субвенция көлемі 1678032,0 мың теңге, 2024 жылға 866115,0 мың теңге, 2025 жылға 675204,0 мың теңге сомасында аудандық бюджетте ескерілсін.
- Аудандық бюджеттен жергілікті өзін-өзі басқаруға ауысатын субвенция көлемі 469242,0 мың теңге қаражатты, 2023 жылға арналған аудандық бюджеттен қарастырылсын, соның ішінде:
Күршім ауылдық округіне - 62450,0 мың теңге;
Марқакөл ауылдық округіне - 47420,0 мың теңге;
Сарыөлең ауылдық округіне - 40323,0 мың теңге;
Қалжыр ауылдық округіне - 32998,0 мың теңге;
Бурановскому ауылдық округіне - 37478,0 мың теңге;
Қалгуты ауылдық округіне - 36110,0 мың теңге;
Куйған ауылдық округіне - 38296,0 мың теңге;
Маралды ауылдық округіне - 44282,0 мың теңге;
Абай ауылдық округіне - 39949,0 мың теңге;
Ақбұлақ ауылдық округіне - 27312,0 мың теңге;
Балықшы ауылдық округіне – 34516,0 мың теңге;
Төсқайың ауылдық округіне - 28108,0 мың теңге.
- Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 21/192-VI шешімінесәйкес ауданның бюджетінде 2023 жылға арналған әлеуметтік салық, жеке табыс салығы бойынша кірістерді бөлу нормативтері 100 пайыз орындауға қабылдансын.
- Ауданның жергілікті атқарушы органының 2023 жылға арналған резерві 50511,0 мың теңге сомасында бекітілсін.
- 2023 жылға арналған аудандық бюджеттен жергілілікті өзін өзі басқаруға бөлінетін нысаналы трансферттер Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің қаулысымен анықталады.
- 2023 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен бөлінген 692522,0 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылсын.
- 8. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен бөлінген 996914,0 мың теңге дамуға арналған нысаналы трансферттер қарастырылсын.
- 2023 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен бөлінген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуге 181125,0 мың теңгеге кредиттер қарастырылсын.
- Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Күршім аудандық
мәслихатының торағасы М. Қалелов
14
22 қыркүйек 2023 10:13
22 қыркүйек 2023