«Күршім аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы» Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясының № 13 ҚАУЛЫСЫ
«Күршім аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы»
Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
№ 13 ҚАУЛЫСЫ
2022 жылғы 28 желтоқсан Күршім ауылы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, және Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы №12 «Күршім аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау комиссияларын құру туралы» қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Күршім аудандық мәслихаттың депутаттарды сайлау бойынша тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде 11 округтік сайлау комиссиялары құрылсын
- Күршім аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін қаулы Күршім аудандық мәслихатына жіберілсін.
- Осы қаулы Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және «Рауан-Заря» газетінде орналастырылсын.
- Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Күршім аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы
төрағасының орынбасары Р.Тлеубаева
Күршім аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы Ж.Донбаева
15
28 желтоқсан 2022 10:57
29 желтоқсан 2022