«Күршім аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясының № 12 ҚАУЛЫСЫ
«Күршім аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы»
Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
№ 12 ҚАУЛЫСЫ
2022 жылғы 28 желтоқсан Күршім ауылы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 9-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1-тармағына, 22-бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихатттар депутаттарының санын айқындау туралы» Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысының негізінде Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Күршім ауданының әкімшілік аумақтық шекараларында пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша партиялық тізімдер негізінде Күршім аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау округі құрылсын.
- Күршім аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша Қаулыға қосымшаға сәйкес шекараларда 11 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері құрылсын.
- Қаулы Күршім аудандық мәслихатқа жіберілсін.
- Осы қаулы Күршім аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және «Рауан-Заря» газетінде орналастырылсын.
- Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Күршім аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы
төрағасының орынбасары Р.Тлеубаева
Күршім аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы Ж.Донбаева
18
28 желтоқсан 2022 10:32
29 желтоқсан 2022