Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы – мемлекеттік еңбек инспекторы, D-О-4 санаты, 4 - деңгей, функционалдық блок (Б), (негізгі қызметкердің 29.10.2023 жылға дейін бала күтімі бойынша демалыста болған кезеңінде)
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті
Шығыс Қазақстан облысы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
- Тау-кен ісі
- Металлургия
- Машина жасау
- Аспап жасау
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Құрылыс
- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
- Қаржы
Функционалды міндеттер
- Еңбек заңнамасы мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың арыздарын қарау;
- тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізіліміне жоспардан тыс тексерулерді, бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды және басқа тексерулерді тіркеу;
- мемлекеттік еңбек инспекторларының шаруашылық субъектілерді тексеруді уақытылы тіркеуі және әкімшілік құқық бұзушылықтарды есепке алуына бақылауды жүргізу;
-ШҚО көлік прокуратурасымен жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындар және берешектердің өтелуі бойынша қолданған іс-шаралар туралы тоқсан сайын салыстырып тексеру жүргізу;
- ҚР Бас прокуратурасының арнайы есепке алу және құқықтық статистика комитетінің ШҚО басқармасымен тексеруді тағайындау актілерінің саны бойынша тоқсан сайын салыстырма тексеру жүргізу;
- ҚР Бас прокуратурасының арнайы есепке алу және құқықтық статистика комитетінің ШҚО басқармасымен әкімшілік істерді тіркеу бойынша тоқсан сайын салыстырма тексеру жүргізу;
- ұжымдық шарттарға мониторинг жүргізу;
- белгіленген нысандар бойынша есептер жасау;
- қалалар мен аудандар әкімдіктерімен, әлеуметтік серіктестермен, мемлекеттік органдармен Басқарма жұмысын үйлестіруді жүзеге асыру;
- мемлекеттік еңбек инспекторларының әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алуына бақылауды жүргізу;
- әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу үшін ШҚО әділет департаментімен апта сайын салыстыруды жүргізу;
- мемлекеттік және қадағалау органдарының сұраулары бойынша ақпарат беру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 06.04.2022
- Өскемен қ., Карл Либнехт көш., 19, 7-қабат
-
8 (7232) 25-65-02