Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы - мемлекеттік еңбек инспекторы (негізгі қызметкердің 03.01.2022ж. дейін бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті
Шығыс Қазақстан облысы
108306 - 146000
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Тау-кен ісі
- Металлургия
- Машина жасау
- Аспап жасау
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Құрылыс
- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Еңбек заңнамасы мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың арыздарын қарау; тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізіліміне жоспардан тыс тексерулерді, бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды және басқа тексерулерді тіркеу; мемлекеттік еңбек инспекторларының шаруашылық субъектілерді тексеруді уақытылы тіркеуі және әкімшілік құқық бұзушылықтарды есепке алуына бақылауды жүргізу; ШҚО көлік прокуратурасымен жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындар және берешектердің өтелуі бойынша қолданған іс-шаралар туралы тоқсан сайын салыстырып тексеру жүргізу; ҚР Бас прокуратурасының арнайы есепке алу және құқықтық статистика комитетінің ШҚО басқармасымен тексеруді тағайындау актілерінің саны бойынша тоқсан сайын салыстырма тексеру жүргізу; ҚР Бас прокуратурасының арнайы есепке алу және құқықтық статистика комитетінің ШҚО басқармасымен әкімшілік істерді тіркеу бойынша тоқсан сайын салыстырма тексеру жүргізу; ұжымдық шарттарға мониторинг жүргізу; белгіленген нысандар бойынша есептер жасау; қалалар мен аудандар әкімдіктерімен, әлеуметтік серіктестермен, мемлекеттік органдармен Басқарма жұмысын үйлестіруді жүзеге асыру; мемлекеттік еңбек инспекторларының әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алуына бақылауды жүргізу; әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу үшін ШҚО әділет департаментімен апта сайын салыстыруды жүргізу; мемлекеттік және қадағалау органдарының сұраулары бойынша ақпарат беру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 21.01.2021
- Өскемен қаласы, Карл Либкнехт көшесі, 19, 7-қабат
-
телефон для справок 25 65 02, e-mail: a.dosymkhanov@akimvko.gov.kz