Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруҚР Еңбек кодексінің 91 бабына сәйкес, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру кезіндегі еңбек өтіліне мыналар қосылады:
1) нақты жұмыс істелген уақыт;
2) жұмыскер нақты жұмыс істемеген, бірақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе ішінара сақталған уақыт;
3) жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздігіне байланысты нақты жұмыс істемеген уақыт, оның ішінде жүктілігіне және босануына байланысты демалыста болған уақыт;
4) жұмыскер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс істемеген уақыт.
ҚР Еңбек кодексінің 90-бабының 2-тармағына сәйкес жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының жалпы ұзақтығын есептеу кезінде жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысына қосылады.
Яғни, жұмыс беруші ақы төленетін жұмыс уақыты үшін қосымша ақы төленетін еңбек демалысын беруге міндетті.
Сіз жаңа қызметкерді «басшы орынбасарының міндетін атқарушы» ретінде қабылдай алмайсыз, өйткені «міндетін атқарушы» деген лауазым жоқ, ҚР Еңбек кодексінің 28-бабының 1-тармағы 2-тармақшасында еңбек шартында белгілі бір мамандық, кәсіп, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмыс (еңбек функциясы) болуға тиіс.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №553 «Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы» бұйрығының 7-тармағына сәйкес қызметкерлердің нақты орындалатын міндеттері мен біліктілігінің лауазымдық сипаттамалардың талаптарына сәйкестігін комиссия айқындайды (біліктілік, аттестаттау).
Бейінді кәсіптік білімі жоқ, бірақ қызмет саласында бес және одан да көп жыл білімі, іскерлігі мен дағдысы, практикалық тәжірибесі бар, өздеріне жүктелген лауазымдық міндеттерді сапалы және толық көлемде орындайтын адамдар комиссияның ұсынымы бойынша тиісті лауазымдарға, сондай-ақ арнайы даярлығы және жұмыс өтілі бар адамдар тағайындалады.
ҚР Еңбек кодексінің 111-бабына сәйкес, Сіз лауазымдарды қоса атқару талаптарына сәйкес жұмыс істеп жүрген (сәйкес келетін) қызметкерлерге басшы орынбасарының міндетін уақытша жүктеуге құқылысыз.