Артқа

Әбілқайыров Қайрат Қадрманапұлы

Департамент басшысының орынбасары-ШҚО мемлекеттік еңбек инспекторы

Жалпы ақпарат, білімі

1981 жылы 27 сәуiрде туған

2003 жыл - Д.Серікбаев Шығыс Қазақстан техникалық университеті, мамандығы жол қатынасын ұйымдастыру мен қауіпсіздігі жөніндегі инженері.

2004 жыл - Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, мамандығы көлікті пайдалану бағыты бойынша техника және технология магистрі.

2005 жыл - Шығыс Қазақстан Аймақтық университеті, мамандығы заңгер.

2009 жыл - Қазақстан - Американдық еркін университеті, мамандығы қаржы.

2018 жыл - Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, мамандығы тау-кен ісі.

Мансап

2004 жыл - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ШҚО бойынша Департаменті, Көкпекті ауданы бойынша бас маман - мемлекеттік еңбек инспекторы.

2004-2006 жылдар аралығы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ШҚО бойынша Департаменті, Риддер қаласы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары бөлімінің жетекші маманы-мемлекеттік еңбек инспекторы.

2006-2008 жылдар аралығы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің  ШҚО бойынша Департаменті, Риддер қаласы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары бөлімінің бастығы-мемлекеттік еңбек инспектры.

2008-2013 жылдар аралығы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау Департаменті, директордың орынбасары-ШҚО Бас мемлекеттік еңбек инспекторы.

2013-2024 жылдар аралығы  Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары – мемлекеттік еңбек инспекторы.

2024 жылғы 24 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Марапаттары:

2011 жыл - Медаль «20 лет независимости Республики Казахстан».

2018 жыл – ШҚО әкімінің құрмет грамотасы.

2019 жыл – «Үздік мемлекеттік еңбек инспекторы» төс белгісі.