ШҚО білім басқармасының «Глубокое ауданы бойынша білім бөлімі» ММ басшысы, А-функционалдық блогі
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Шығыс Қазақстан облысы
380392
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Білім бөліміне жалпы басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ білім бөлімінің қызметін жақсарту бойынша іс-шараларды әзірлейді және өткізуді ұйымдастырады, оның құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды;
Өз орынбасарларының және білім бөлімінің құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, білім беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтарын, білім беру саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының "ҚР Мемлекеттік қызмет туралы" Заңын, облыс білім басқармасы алқасының бұйрықтары мен шешімдерін іске асыру жөніндегі жұмыстар кешеніне басшылықты жүзеге асырады;
Білім бөлімінің актілеріне қол қояды;
Өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда, сондай-ақ азаматтармен жұмыс кезінде білім бөлімінің мүддесін білдіреді;
Глубокое ауданы бойынша білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының қызметіне жалпы бақылауды жүзеге асырады: оқу-тәрбие процесіне басшылық ету, жаңа оқу жылына дайындық, материалдық-техникалық базаны жарақтандыру;
Білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен конкурстық негізде мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, қосымша білім беру) қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Глубокое ауданы бойынша педагогтер мен басшы білім беру қызметкерлерін аттестаттауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұйымдастырады;
Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлау және қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі жоспарды қалыптастырады;
Мемлекеттік білім беру ұйымдарында кешкі (ауысымдық) оқыту нысанын қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы берілетін жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;
Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, олардың орта білім алғанға дейінгі оқуын ұйымдастырады;
Жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қолдауды жүзеге асырады;
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының қажеттілігін, ата-ана төлемақысының мөлшерін айқындайды;
Облыстың білім басқармасы арқылы облыстың жергілікті атқарушы органына мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекітуге енгізеді;
Облыстың білім басқармасы арқылы орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын облыстың жергілікті атқарушы органына бекітуге енгізеді;
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;
Мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;
Тірек мектептерін функциялауды қамтамасыз етеді (ресурсты орталықтар);
Оқу-өндірістік комбинаттардың қызметін қамтамасыз етеді;
Білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастыруға жәрдемдеседі;
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді қамтамасыз етеді (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда);
Қалалық ауқымдағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына қаржылай және материалдық көмек, мемлекеттік білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының жиынтық көлемінің кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетеді.;
Мектепке дейінгі ұйымдарды және интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
Глубокое ауданы бойынша орналасқан білім беру ұйымдарының психологиялық қызметінің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етеді;
Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;
Білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестеріне жәрдем көрсетеді;
Білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасайды;
Қаланың білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі бойынша мәселелерді үйлестіреді;
Глубокое ауданы бойынша қажеттілікке қарай мемлекеттік білім беру ұйымдарының тарификациялық тізімдерін, штат кестелерін, жұмыс оқу жоспарларын (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, қосымша білім беру), сондай-ақ орта білім беру ұйымдарының сынып санын-жинағын келіседі;
Облыстың білім басқармасына білім бөлімінің құрылымын бекітуге және келісуге енгізеді;
Осы Нұсқаулықпен жүктелген функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету үшін бюджеттік өтінімді сапалы құрастыруды және облыстың білім басқармасына ұсынуды қамтамасыз етеді және жауапты болады;
Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;
Заңнамада белгіленген тәртіппен білім бөлімінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және көтермелейді;
Бекітілген штат саны мен құрылымының лимиті шегінде білім бөлімінің штат кестесін бекітеді;
Өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасауды, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің және "Мемлекеттік қызмет туралы"Қазақстан Республикасы Заңының сақталуын қамтамасыз етеді.;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;
Білім бөлімінің Мемлекеттік қызметтерді уақытылы және сапалы көрсетуін жүзеге асырады;
Білім бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғаларды қабылдауды жүргізеді, жиналыстарға, семинарларға және кеңестерге қатысады;
Әлеуметтік әріптестік қағидаты негізінде еңбек ұжымымен бірлесіп ұжымдық шарт жасасуды қамтамасыз етеді;
Мемлекеттік мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
Білім беру саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 27.07.2022
- ШҚО, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі 59/1. Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін
-
87232702361