ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі» ММ жалпы орта білім беру және мектепке дейінгі ұйымдар секторының меңгерушісі, А- функционалдық блогі

Мемлекеттік орган

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

D-R-3 Сектор меңгерушісі

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
  4. жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің бар болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Білім (білім саласы)

Функционалды міндеттер

Мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтуды қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының орындалуын бақылауды жүзеге асыру; сектор мамандарының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру; облыстық білім басқармасына статистикалық есептілікті, жинақтауды дайындау; жартыжылдық бойынша оқушылардың үлгерімі мен қозғалысы туралы жедел деректерді дайындау; орта білім туралы аттестаттар мен оқуға түскені үшін куәліктер алуды және беруді жүзеге асыру негізгі мектептің курсы, олар бойынша есеп беру; бөлім басшылығына және жоғары тұрған ұйымдарға анықтамалар мен ақпараттар дайындау; білім беру мекемелеріне жұмыс құжаттарын жеткізу; қала мектептерінде сыныптарды жинақтауды жүзеге асыру және мектепке дейінгі ұйымдарда топтардың жинақталуына бақылауды жүзеге асыру; жалпыға міндетті оқыту бойынша материалдарды компьютерлік өңдеуді жүргізу; жалпыға міндетті оқыту бойынша айлықтың іс-шараларын, "қамқорлық" және "Мектепке жол" акцияларын ұйымдастыру; тәрбие және оқыту мәселелері бойынша білім беру ұйымдары мен бөлім қызметкерлерінің жұмысын үйлестіру; білім беру ұйымдарының, білім беру жетекшілік ететін мәселелер бойынша компьютерлік деректер банкін құру және мониторинг; ҰБТ және ОЖСБ өткізуді ұйымдастырады және жүзеге асырады, өткізу қорытындысы бойынша есептік ақпарат жасайды; қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтардың өтініштері бойынша жұмыс жүргізеді; білім беру ұйымдарында оқыту мен тәрбиелеу сапасын, "үлгерімі төмен" және "тәуекел тобындағы" балалармен жұмысты бақылайды; білім беру ұйымдарында тамақтану, медициналық қызмет көрсету сапасы, үйде оқитын балалармен жұмыс мәселелерін бақылайды қамтамасыз ету; сектор қызметкерлеріне бекітілген мемлекеттік қызметтердің сапалы және уақтылы орындалуына бақылауды жүзеге асыру. ХҚКО қызметкерлерімен мемлекеттік қызметтер бойынша тұрақты консультациялар өткізу; көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша есептілікті уақтылы ұсыну; жетекшілік ететін мәселелер бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылауды жүзеге асыру және жауапкершілік алу; бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау; шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау; негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру; Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру; жетекшілік ететін мәселелер бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету; мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылауды жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 19.04.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.04.2022 – 22.04.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

26.04.2022

Сұхбаттасу орны

ШҚО, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі 59/1. Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін

Анықтама алу үшін байланыс

87232702361