"Мейірім" акциясы

Мақсаты

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдаудың кешенді жоспары мен "Мейірім" акциясының мақсаты жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету арқылы олардың өмір сүру сапасын жақсарту.

Міндеті

Кешенді жоспардың міндеті әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, отбасына орналастырудың баламалы нысандарын дамыту, балалардың әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау, кәсіптік бағдарлау, жұмысқа орналасу мен тұрғын үй алуға қолдау көрсету болып табылады.

Нәтижесі

Кешенді жоспармен 2000-ға жуық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала қамтылған, балаларға әлеуметтік-патронаттық қолдауды мемлекеттік органдар мен ұйымдар, шағын және орта бизнес кәсіпорындары, өңірдің ірі кәсіпорындары, екінші деңгейдегі банктер көрсетеді.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың баламалы нысандарын дамыту мақсатында ресми сайттарда ақпараттар орналастыру, басылымдар мен әлеуметтік желілерде материалдар жариялау арқылы ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. 2020 жылы барлығы 457 іс-шара өткізілді.

2019 жылмен салыстырғанда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жалпы саны 138 адамға (5,2%), соның ішінде мекемедегі тәрбиеленушілер саны 47 балаға (6,2%) азайды. Мекемелерден 108 тәрбиеленуші (14%) отбасына орналастырылды, оның ішінде 50 бала туған отбасына қайтарылса, 58 бала қамқорлыққа, патронатқа, асырап алуға берілді. 

Кешенді жоспардың негізгі бағыттарының бірі тұрғын үй алауға көмек көрсету болып табылады. 2020 жылдың соңында жергілікті атқарушы органдардағы тұрғын үйге мұқтаждар есебіне «жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша қойылған адам саны  6958.

Кешенді жоспар жүзеге асырылған уақыттан бастап жетім балалар алған және мемлекеттік тұрғын үй қорынан бөлінген тұрғын үй саны 850 бірлікті құрады, соның ішінде 2020 жылы 66 пәтер, олардың 55 пәтері мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілсе, 11 пәтерді балалар өз жинақтарына және патронатты ұйымдардың көмегімен алды.  

Патронатты мекемелер балалар үйлерінің түлектеріне тұрғын үй алуға көмек көрсетеді. Мысалы, ШҚО статистика департаментінің ұжымы «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ түлегі Б.В. Садыковқа, облыстық сот ұжымы 2020 жылы «Үміт» балалар үйі» КММ түлегі А. Тұрғамбаеваға пәтер алып берді. «№8 балалар үйі» КММ түлегі Б.В. Гусевке жедел медициналық көмек ұжымы Семей қаласынан екі бөлмелі пәтер алуға көмек көрсетті.

Шығыс Қазақстан облысының тәжірибесі республикалық семинарларда, конференцияларда, аймақаралық іс-шаралар барысында ұсынылды. Акцияның маңыздылығы республиканың өзге аймақтары өкілдерімен де, шетел мамандарымен де аталып өтілді. 2013 жылы «Мейірім» акциясы Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ең үздік 17 әлеуметтік жобалар қатарына қосылған.

Қазіргі уақытта аймақ тәжірибесі бүкіл республикаға таратылды.