Балаларға арналған тегін IT-сыныптар

Мақсаты:

«Nur Otan» партиясының «Балаларға арналған тегін ІТ-сыныптар ашу» бастамалық жобасы– бұл ерте кәсіптік бағдар жүйесінің инновациялық элементтерін және оқушыларды ІТ сала бойынша кәсіби даярлау негіздерін құруға бағытталған кешенді шешім.

Балаларға арналған тегін IT-сыныптар ашу жобасының мақсатызаманауи IT-технологияларды қолдана отырып, білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады. 

Күтілетін нәтижелер:

оқушыларға инженерияны қызмет саласы ретінде түсіндіру; математиканы, жаратылыстану-ғылыми және технологиялық пәндерді, интеграциялық курстарды, жобалау-зерттеу қызметін игеру негізінде әлемді зерттеуге ғылыми және техникалық көзқарас қалыптастыру; зерттеу жұмысы, әртүрлі салаларда жобалау мен құрастыру бойынша тәжірибе жинақтау.

Жобаның міндеттері:

- бағдарламалау, роботехника және 3 D модельдеу негіздерін тереңдетіп оқыту бойынша факультативтік сабақтарды ұйымдастыру үшін тегін IT-сыныптар ашу;

- жаратылыстану-ғылыми цикл пәндерін дәріптеу, жаратылыстану-ғылыми білімнің сапасын арттыру;

- ғылыми-техникалық шығармашылықты дәріптеу және оқушылар арасында инженерлік мамандықтардың беделін арттыру;

- өзекті инженерлік-техникалық мәселелерді практикалық жолмен шешу және техникамен жұмыс жасау дағдыларын дамыту;

- инновациялық және жоғары технологиялар саласына оқушылардың қызығушылығын арттыру, дарынды балаларды қолдау;

- аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен сайыстарға қатысу.