«БІЛІКТІ МАМАН»
Жоба мақсаты
Өңірдің мектептері мен колледждері түлектерінің алыс және жақын шетел жоғары оқу орындарына кетуінің төмендеуі.
Нәтиже
Аталған жоба шеңберінде өңірдің еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жергілікті бюджет қаражаты есебінен тоғыз жыл ішінде 2 232 білім беру гранттары бөлінсе, оның ішінде ағымдағы оқу жылында 270 грант келесі салаларға бағытталған: педагогика, медицина, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, бизнес басқару және құқық, әлеуметтік ғылымдар, журналистика, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, ауыл шаруашылығы, қызмет саласы.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығымен бекітілген қағидада көрсетілген басты критерийлер негізінде талапкерлердің ҰБТ нәтижелеріндегі жоғары баллдан төменге дейін саралау бойынша конкурс арқылы жүзеге асырылады.
Осы жоба аясында оқуға түскен студент оқуын аяқтағаннан кейін облыста үшжақты шартта белгіленген мерзімді, мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс атқаруы тиіс.
Үш жыл ішінде аталған жоба бойынша білім алып шыққан жоғарғы оқу орындары түлектерінің саны 648 адамды құрады, олардың жұмысқа орналасып, жұмыспен қамтылғандардың үлесі 100%, оның ішінде жұмыспен қамтылғандардың үлесі 70%.
Сонымен қатар, мектеп және колледж түлектерінің өңірден шетел жоғары оқу орындарына кетуі 1800 ден 252 -ке азайды.
НҚА
- Жоба бұйрығы
- Жоба бағдарламасы
- Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы
- Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 25 тамыздағы №443 бұйрығы